Оны Қазақстан жастар конгресі мен университеттің жастар ұйымдарының өкілдері бірлесе ұйымдастырды. Шараның мақсаты - жастардың инновациялық тұрғыдағы әлеуетін дамыту, жас ғалымдарға қолдау көрсету мен ЖОО инновациялық үйірмелерінің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
«Қазіргі уақытта инновациялық даму кезеңінде жас ғалымдарға қолдау көрсету, олардың түйткілді мәселелерін шешудің маңызы зор. Бүгінгі отырыста оқылатын баяндамаларды талқылау арқылы осы бағытта тиімді шешімдер қабылданады", - деді Қазақстан жастар конгресінің Алматы қаласы бойынша өкілі Данияр Сүндетбаев.
Дөңгелек үстел барысында «Білім саласындағы инновациялық даму», «Жас ғалымдар кеңесінің қызметі» секілді білім саласы мен жас ғалымдар еңбегіне қатысты бірнеше баяндамалар талқылауға түсті.
Басқосу қорытындысында бірнеше қарарлар мен жас ғалымдардың жобалары Білім және ғылым министрлігіне ұсынылатын болды.