Алматыда Қазақстанның конституциялық дамуына талдау жасалды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда «Қазақстанның конституциялық құрылысындағы Елбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. 

Іс-шараның дәл бүгін ұйымдастырылуы тегін емес, деп жазады Хабар 24 .

 1995 жылы 29 желтоқсан күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойған болатын. Яғни осы күнді Конституциялық Кеңестің туған күні деуге болады. Жиын барысында Президенттік институттың тәжірибесі, еліміздегі конституциялық реформа мен оны іске асыру жайы талқыланды. Сонымен қатар құқықтық саясатты іске асыру мен қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелеріне, Қазақстанның конституциялық дамуына жан-жақты талдау жасалды.

"Соңғы өзгерістерде біздің Елбасының өкілеттілігін, Үкіметке, Парламентке біраз өкілеттілік берілді. Соның бәрінің басы-қасында жүрген - біздің Елбасы. Конституциямыз бүкіл еліміздің өркениетті дамуына, экономикада, саясатта, әлеуметтік жағдайда дамуына үлес қосты" - дейді Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири.