деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресми статистикаға қарағанда сауда саласында халықтың 14,4 пайызы (1,06 миллион адам) жұмыс істейді. Ал сарапшылардың бағалауы бойынша бұл 28 пайызды (2 миллион адам) құрайды. Олардың 7,6 пайызы 15 жасқа дейінгі балалар, 17 пайызы 17-24 жас аралағындағы жастар, 9,4 пайызы 55 пен 64 жастың аралығындағы зейнет жасына жақындаған адамдар», дейді Қазақстанның базарлар мен сауда және қызмет саласындағы кәсіпорындар қауымдастығының президенті Жібек Әжібаева. Оның айтуынша, бұл салада қызмет жасайтындардың 54 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар.