Онда әлемдік мәселелер емес, еліміздің ішіндегі саяси-экономикалық мәселелер, ұлттық, мәдени, рухани, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастар мәселелері талқыланатын болады.
"Құрылтайға ұлттық бағытта жұмыс істеп жүрген қоғамдық ұйымдар, 130-дай адам шақырылды. Негізінен екі мәселе қаралады: Не істеу керек? және қалай істеу керек?, яғни, стратегия және тактика. Сондай-ақ, бұл мәселені шешуде "Қазақстанда тұратын барлық ұлт арасындағы теңдікті сақтай отыра, ұлттық мәселені қалай шешеміз?», деген сұрақ бұл шараның басты сауалы болмақ. Бұл құрылтай қазақтардың басын қосып, осы мәселелерді талқылау үшін ұйымдастырылып отыр. Менің ойымша, мұндай құрылтай қазақтың мәселесі шешілгенге дейін жылда болып тұру керек", деді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Болат Дүйсембі.
Аталмыш шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, барлық саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар шақырылған. Сондай-ақ, еліміздің барлық аймағынан делегаттар келеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараны өткізу туралы шешім 2009 жылы қыркүйек айының 20-да қабылданған.