Бұл еске алу концертіне Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі қатысады. Бас дирижері - ҚР еңбегі сіңген қайраткері Дінзухра Тілендиева, дирижер - Мүслім Әмзе.
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - дирижер, композитор, домбырашы, КСРО және Қазақ ССР халық әртісі. Республиканың еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
П. И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.
1981 жылы «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрін құрып, оны өмірінің соңына дейін басқарған.
Нұрғиса Тілендиев - «Алтын таулар» операсының (Қ. Қожамияровпен серіктес автор ретінде), «Достық жолымен» балетінің (Л. Степановпен бірге), «Ата толғау», «Аққу» оркестрлік поэмаларының және 40 жуық әндер мен романстардың авторы.
Нұрғиса Тілендиев - қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған аса көрнекті суреткер.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Нұрғиса Тілендиевке 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілген.