20:13, 27 Сәуір 2009
Алматыда «Қазіргі заманғы жаңа пьесалар жазудың өзекті мәселелері» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі өтті
АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Қазіргі заманғы жаңа пьесалар жазудың өзекті мәселелері» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Тұңғыш Президенті қорында болған бұл шараны «Жас драматургтер зертханасы» ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан Жазушылар одағы мен мемлекеттік театрлардың жетекшілері, режиссерлар, драматургтар және шығармашылық жастар кеңесінің өкілдері қатысты. «Бұл басқосуда дарынды жас драматургтерді қолдау, қазіргі заманғы драматургиялық шығармалардың көркемдік сапасын жетілдіру, оларды театрларға таныстыру және үздік пьесаларды сахналау мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Санкт-Петербор қаласындағы өнер қайраткерлерінің қазіргі заманғы драматургияға байланысты жобалары туралы бейне-конференция ұйымдастырылды», - деді ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанынан құрылған «Жас драматургтер зертханасының» жетекшісі Алма Рулас. Оның айтуынша, зертхана мүшелерінің тәжірибесі жоқ. Сондықтан олар бұл басқосуда нақты тақырыптарды айқындап, сол бойынша жұмыс жасамақ. Оның қорытындысы жыл соңында өтетін арнайы алқалы жиында талқыланады деп жоспарланып отыр.