Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен жылғы 16 мамырда болған еді. Достық пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында орналасқан банк бөлімшесінен 57 млн. теңге алып шығып, көлігіне отыра берген банк тұтынушысына екі адам шабуыл жасаған. Тексеру нәтижелері М.Шахбазов, Э.Алиев есімді екі қылмыскерді, сондай-ақ оларға көмек көрсеткен банк қызметкері Марина Ибрагимова екендігін анықтады. Марина Ибрагимова банктің бөлімше бастығының сөзін тыңдау арқылы, сол күні ірі сумма алынатындығын білген. Келесі күні SMS хабарлама арқылы сыбайластарына тұтынушының түр-тұлғасын, ақша алынатын, банктен шығатын уақытын хабарлаған.
Сот М.Ибрагимованы 9 жылға соттау туралы үкім шығарды. Оның қос сыбайласы - Д.Шахбазов - 11 жылға, Э.Алиев - 10 жылға сотталды.