Кездесуде еліміздің және экономикамыздың алдағы дамуы мен Елбасының халыққа Жолдауы, басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясындағы іске асырылатын міндеттер мен жобалар жайында сөз болды. Ерекше назар алда өтетін сайлау мен Н.Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасына аударылды. Сонымен қатар, кездесу барысында «Қазпошта» АҚ-ның қызметі мен жоспарлары талқыланды.
Кездесу «Пошташы» кәсіподақ қызметкерлері мен Алмалы ауданының сайлауалды дайындық штабының бастамасымен өткізілді.