Алматыда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 10 жылдығына арналған жазғы спартакиада өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін жазғы спартакиадасы өтіп жатыр.

 Биыл ол компанияның 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден бір факторы ретінде компания қызметкерлері арасында дене шынықтыруды және спортты жаппай дәріптеуді мақсат тұтқан бұл шара  сәрсенбі күні басталған болатын. Екі күндік бұл жарыстың бағдарламасына - қашықтыққа жүгіру, шағын футбол, волейбол, жүзу, теннис және шахмат сияқты спорттың 6 түрі еніп отыр. Оған 7 өндірістік филиалдан және орталық аппараттың құрама командаларынан  150-ден астам қызметкер қатысуда. Онда әрбір спорт түрлері бойынша жеңімпаздар жалпы командалық есепте және жеке түрде анықталады. Жалпы командалық есепте 1-3 орындарды иеленгендер  құнды сыйлықтармен және мерейтойлық кубоктармен марапатталады.