Алматыда ҚазҰУ студенттері Елбасы Жолдауын талқылады

АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Дағдарыстан – дамуға» атты Жолдауын талқыға салды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конференция жұмысына ҚазҰУ Тілдер және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Шолпан Ерболқызы, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және Жастар саясаты басқармасының бастығы Нұрбол Баймұханов, Студенттер сенатының төрайымы Ғайни Серім, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Бақытжан Нарымбетов және бірқатар жастар мен студенттер ұйымдарының өкілдері қатысты. Белсенді жастардың басқосуында Елбасы Жолдауында студенттерді қолдауға арналған міндеттемелері ортаға салынды. Соның ішінде, дағдарыс жағдайына байланысты оқу ақысын төлей алмаған шәкірттерге гранттар бөлу, оларға банктер есебінен несие беру мәселелері сөз болды және студенттердің осы жайттардан қаншалықты хабардар екендігі нақтыланды.