«Алматы жылу желілері» АҚ хабарлауынша, уақытша қолайсыздықтар жол бойындағы магистральды жылу желісін жоспарлы жөндеумен байланысты.
Жолаушылар Қазыбек би көшесін Төле би мен Әйтеке би көшелері арқылы айналып өте алады.
Алматыдағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде тозығы жеткен құбырлар алынып, орнына заманауи құбырлар қойылады. Бұл іс қаладағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін қолға алынып отыр.
Сонымен қатар, әкімдік құбыр ауыстыру процесі қалалықтардың жылумен қамтылуына еш кесірі тимейді деп уәде беріп отыр.