деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біз Үкімет тарапынан бизнеске қатысты жасалып жатқан барлық іс-шараларға сараптама жасап, өз пікір-ұсыныстарымызды білдіріп келе жатырмыз. Кедендік одақ сауда кеңістігін ұлғайтқанмен, нарықта шетелдік тауарлардың үлесі күрт өскелі отыр. Сондай-ақ бұрын қол жетімді болып келген кейбір тауарлар бағасының өсуі мүмкін", дейді ҚР Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат Акуов. Оның айтуынша, қолданыстағы қазіргі заң базасы бизнестің өркендеуіне толық мүмкіндік беріп отырған жоқ. Әсіресе салық заңдары уақыт талабына сай емес. Сондықтан онда түбегейлі өзгерістер жасау қажет. Кедендік одақтың Қазақстан экономикасына тиімділігін арттыру үшін Үкімет әлемнің өзге елдері сияқты кәсіпкерлерді 3 жылғы корпоративтік салықтан босатып, 2 жыл бойы салықтың жартысын ғана төлеуге мүмкіндік беруі керек. Бұл отандық өндірісшілердің бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет түрін ұсынуына жол ашады.