Алматыда кеденшілер ел аумағына тыйым салынған психотропты зат алып кірмек болған азаматты ұстады

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы халықаралық әуежайда қалалық кедендік бақылау департаментінің  қызметкерлері «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп  «Бромепазан» дәрілік затын тәркіледі.

 Оны  ел аумағына Франкфурт - Алматы әуе қатынасындағы 646 рейспен ұшып келген бір азамат заңсыз алып кірмек болған. 6 милиграмнан 50 таблетка бар бұл дәрілік зат шыны ыдыста, өндірісте жасалған тығыз қорапқа салынып қапталған көрінеді. Есірткі, психотропты заттарды және прекурсорларды топтастырудың жиынтық  кестесінде «Бромепазан» психотропты затқа жатқызылады. Бұл препарат сот-химиялық сараптамаға жіберілді.