Отаға дейін екі балада да физикалық жүктеме кезінде (жүру) ентігу, шаршау байқалатын. Балалар хирургы Мейіржан Құрманалиевтің айтуынша, балаларда кеуде қуысының деформациясы жиі кездеседі. Бұл шамамен – 90%. Кеуде қуысының деформациясы қыз балаларға қарағанда ұлдарда 5 есе жиі кездеседі.
«Төс сүйегінің ішке қарай тартылуының негізгі себебі – төс сүйегінің қабырғаға жалғасатын шеміршегінің шамадан тыс өсуі. Бұл сүйек тінінің өсуі, шеміршектің өсуінен артта қалғанда пайда болады. Соның салдарынан төс сүйегі кеуде қуысына ене қалыптасады. Кейбір жағдайларда деформация жүре келе немесе мешел ауруының салдарынан болуы да мүмкін», - дейді хирург.
Мұндайда ота кезінде кішкене қателік жасалса, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін (кеуде қуысына қан кету, перикардит, жүректің жарақаттануы). Егер дер кезінде асқынуды алдын алмаса, соңы өлімге алып келуі мүмкін. «Бұл операция аз инвазивті жоғары технологиялық әдіспен эндовидеоскопияның көмегі арқылы жасалады. Мұндай инновациялық әдіс МӘМС аясында жүзеге асырылады. Екі операция бір сағатқа созылып, екеуі де сәтті өтті. Қазір жігіттер өздерін жақсы сезінеді», – дейді Мейіржан Құрманалиев.
Балалардың ата-аналары дәрігерлерге алғыс айтты.
«Менің ұлым құрдастарының алдында киім ауыстыруға ұялатын. Оның үстіне, ұл болған соң футбол немесе басқа ойын түрлерін ойнағанды ұнатады, бірақ оған шамасы келмейді. Өйткені ол физикалық жүктеме түсіргенде тынысы тарылатын. Дәрігерлерге ұлымның барлық құрдасы сияқты болуына көмектескені үшін көп рақмет», - деді жасөспірімдердің бірінің анасы.
Айта кетейік, жыл басынан бері Балалар шұғыл жедел медицина көрсету орталығынының хирургтары осындай 50-ге жуық ота жасаған.
«Аталған ауру балалардың 80% -ында өмірге келген сәттен бастап бір жылдың ішінде байқалады, бірақ аурудың прогрессиялық дамуы баланың максималды өсу кезеңдерінде болады (6-8 және 11-13 жаста). Кеуде қуысының деформациясының белгілері – көрінетін деформация ғана емес, жүрек пен өкпенің дисфункциясы сияқты клиникалық белгілерді де қамтиды. Соңғысы әсіресе ересек әйелдер мен ерлерде айқын көрінеді. Бұл деформацияның дамуымен байланысты», - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.