«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 7-11 тамыз аралығында Алматыда электр қуатын жоспарлы түрде өшіру кестесін жариялады.
«Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарын: сымдарды бөгде заттардан тазарту, оларды ішінара ауыстыру және тағы басқасы кіреді, оларды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бригадалары, әдетте, 1,5-2 сағаттан аспайтын уақытта орындайды»,- деп хабарлады компаниядан.
Кестеге сәйкес, электр энергиясы Төле би, Сәтбаев, Абай, Мұқанов, Құрманғазы, Байзақов Абылай хан, Жамбыл көшелері мен «Қарағайлы», «Ақжар», «Қалқаман-2», «Алғабас», «Жас-Қанат» және тағы басқа ықшамаудандарда ажыратылады.
Толық үзіліс кестесін мына жерден көруге болады.