АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында «кезекші сыныпта» оқитын балалардың санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кезекші сыныптарға» шамамен 15 мың бала келеді деп ойлаймыз. Егер Алматыдағы барлық мектептерді есепке алсақ, әр мектепте бұл шамамен 75 бала болады. Бұл орташа есеппен 5 сынып. Әрине,оқушылар саны көп мектептерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін», - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.
Сонымен қатар, ол жекеменшік мектептерде «кезекшілік сыныптарды» ашуға болатындығын атап өтті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.