деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл орын есірткіге тәуелді Кіші станица тұрғынының үйінде орналасқан болып шықты. Үй иесі есірткі тұтынушыларды онымен қамтамасыз етіп ғане қоймай, есірткі қолдану орнын да ұсынған. «Ол адам туралы бізге өткен аптада мәлім болды. Біз арнайы жоспар құрып, үйінде төрт «қонақ» героин қолданып отырған кезінде құрықтадық. Жіті қару барысында ол үйден қолданылған шприцтер, пеницилин мен ледокоины бар ампулалар, героин табылды. Ұсталғандардың барлығы есірткінің әсерінде болғандықтан, сұрағымыздың біріне де жауап бере алмады. Ұстау шарасы куәгерлердің қатысуымен өткізілді», деді Алматы қаласы ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Денис Лоскутов. Оның айтуынша, ұсталған адам ұзақ уақыт бойы есірткі сатумен айналысқанын жасырмаған.
«Оның өмірбаяны қылмыстық оқиғаға толы. Жақында ғана ол кісі тонағаны үшін бас бостандығынан айырылған жерінен еркіндікке шыққан болатын. Оған енді ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша - есірткі құралдарын тұтыну және наркопритон ұстап, оны ұйымдастырғаны үшін айыбы тағылады», деп атап өтті Д.Лоскутов.
Жылдың басынан бергі бұл Алматыда анықталған екінші наркопритон.