деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны полициямен «әзілдеспек» болған. Ол кеше сағат 10.30-да өзінің ұялы телефонынан қаланың Бостандық ауданында орналасқан Интернет-клубқа жарылғыш зат қойылғандығын айтып, полицияға хабарлаған.
«Қалалық жедел қызмет клубқа келушілер мен қызметкерлерді жедел түрде көшіріп, ғимаратты тексерді. Тексеруге «Арлан» арнайы жасағы мен Бостандық аудандық ІІБ, қалалық ІІД-нің қызметкерлері жұмылдырылды.Ақпарат расталған жоқ. Біздің қызметкерлер қоңырау шалған қыздың ұялы нөмірін анықтап, жедел түрде қолға түсірді»,- дейді Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полковник Ғани Жұмағұлов.
Ұсталған Нұргүл есімді қыздың айтуынша, жалған ақпарат беруге аталған интернет клубта жиі отыратын таныстарынан өш қайтару итермелеген. Ол сондай-ақ бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білмегендігін айтқан.
«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұндай шақыртуларға қаланың барлық қызметі жұмылдырылады, мемлекетке белгілі бір мөлшерде шығын келеді. Қазіргі кезде террористік акт туралы жалған ақпарат беру бойынша Бостандық аудандық ІІБ-да қылмыстық іс қозғалды»,- дейді Ғ.Жұмағұлов.