Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы өкілдері 3 сәуірде «Premier hall» банкет залында той өткізіліп жатқанын анықтаған.
Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынады.
«Алматылықтарды тойға, банкет пен үйлену тойына бармауға шақырамыз, өйткені онда коронавирус инфекциясын симптомсыз тасымалдаушылар болуы мүмкін.
Қалада көпшілік жиналатын барлық іс-шараға тыйым салынғанын естеріңізге саламыз», делінген хабарламада.