Алматыда ҚХР Бас консулы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚХР Бас консулы Чжан Вэй қазақстандықтарды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Құрметті қазақстандықтар! Айтулы күндердің бірі және елдің басты мемлекеттік мерекесі саналатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Ұлт көшбасшысы, аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығындағы егемен, демократиялық және өркендеген мемлекет орнату жолындағы зор табыстарға жеткен көпұлттық Қазақстан халқын шын жүрегіммен құттықтаймын. Қазақстан халқына бейбітшілік, келісім мен өркендеуін тілеймін!», - деп құттықтады Чжан Вэй.

ҚР Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсанда тойланатын Қазақстанның басты ұлттық мерекесі. 25 жыл алдын дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. Биыл Тәуелсіздік күні қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында демалады.