Жол-көлік апатын Алмалы аудандық ІІБ анықтайды.
«Сот-медициналық сараптама жапа шеккендерге қандай залал келгенін анықтайды. Содан кейін, процессуалдық шешімдер қабылданады», - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, 30 қаңтарға қараған түні Тоyota жргізушісі көлік рөліне ие бола алмай Целинный кинотеатрының ғимаратына соғылған. Жол апатынан екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас болған.