АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа, топырақ, су және радиация мөлшері сынамаларының талдауын жинауға қажетті стационарлық экологиялық посттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасында хабарлағандай, бүгінгі таңда 13 экопосттың жұмысы қалпына келтірілді. Қалған 6 экопост ақпан-наурыз айларының соңына дейін жұмысын бастайды. Көктем мезгілі басталысымен Алматыда жылжымалы экологиялық бекеттер де өз жұмысын бастамақшы.
Айта кетсек, Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде бұзақылар 13 экологиялық постты өртеп, 4 бекетті сындырып, тонаған. Тек 2 бекет қана аман қалған болатын.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.