Алматыда кітап шығару тәжірибесіне арналған халықаралық конференция өтуде

None
АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда «Кітап шығару, кітап тарату теориясы мен практикасының отандық және шетелдік тәжірибесі: мәселелер, ізденістер, шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтіп жатыр.

Екікүндік бұл шараны ұйымдастырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспа ісі және дизайн кафедрасы. Конференцияның мақсаты - кітап шығару мен кітап таратудың қазіргі таңдағы жағдайын, ғылыми-әдістемелік зерттеулердің барысын, Қазақстан ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру жолдарын іздеу мәселелерін талдау және талқылау.

Оның жұмысы Қазақстандағы және шет елдердегі электрондық кітаптардың қазіргі нарықтық жағдайы; Сандық дәуірдегі баспа ісі. Бизнестің жаңа түрі; Қазіргі жағдайға сай авторлық құқық туралы заңнаманы дамыту; Отандық және шетелдік тәжірибедегі менеджмент пен маркетинг: интеграция және инновация; Әлеуметтік мәдениет құрылымының құбылуы мен қоғам жаңғыруындағы кітаптың ролі; Жаһандану  жағдайындағы  кітаптанудың мәденитанымдық мәселелері; Жарнама мен РR-дағы құндылық нысандары: ҚР БАҚ дамуының әлеуметтік және корпоративтік векторлары; Баспа ісі саласындағы мәтін теориясы мәселелері тақырыптары бойынша жүруде.