Алматыда кітапқұмарлардың «bookcrossing» деп аталатын қозғалысы пайда болды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «bookcrossing» деп аталатын қозғалыс пайда болды.

 Бұл қозғалыс кеңес үкіметінің кезінде болған кітап ауыстыру дәстүрін қайта жандандырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қозғалыстың пайда болуына негіз болған «ДК» кофеханасында «Кітап сыйлау күні» шарасы өтіп, қатысушылар кітаптармен алмасты. Қозғалыс мүшелерінің айтуынша, бұл шара Алматыдағы букроссингтің тұрақты түрде  қалыптасуына ықпал етеді. Бұдан былай кофеханаға келген  кез-келген кітапқұмар өз кітабын қалдырып, арнайы сөреден өзіне ұнаған кітабын ала-алады. Букроссинг идеясын 2001 жылы интернет-технолог Рон Хорнбекер ұсынған болатын. Ең алғаш ол өз қонақ үйінің дәлізінде ауыстыру үшін 20 кітапты қалдырады. Жарты жылдан соң оның сайтында кітап ауыстыруды жаны сүйетін  300 белсенді кітапқұмар пайда болады. Бүгінде әлем бойынша бұл қозғалыстың 400 мың мүшесі бар. Қозғалыс әсересе Италияда кең тараған.