Алматыда климаттық тәуекелдерді басқару туралы конференция өтті

АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Ауа райының өзгеруі  соңғы жылдары айқын байқала бастады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы климаттық тәуекелдерді басқарудағы ведомствоаралық ықпалдастықты нығайту» деп аталатын конференцияда айтылды.

«Ауа райының өзгеруі әлемдік деңгейдегі ең күрделі мәселенің бірі. Оған соңғы кезде дүниежүзілік деңгейде ғылыми мекемелер, ғалымдар қатты мән беруде.  Сондықтан да бүгінгі өткен конференцияның маңызы өте жоғары. Ғылыми түрде дәлелденген мынандай бір жәйт бар. Әрбір бес жылдың үшеуі барынша қолайлы болса, екеуінде құрғақшылық орны алады. Құрғақшылық кезінде жылудың өзгерісі бұрын аса қатты білінбейтін. Қазір  бұл ахуал өзгеруде», - дейді  Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Әбдірақым Омбаев. Оның айтуынша, ауа райынддағы өзгерістер құбылысын зерттеуге мүмкіндік мол. Оны зерттеуге Қазақстан өз үлесін қосуда. Бұл бағыттағы талдауларды жүргізуге Қазақстанда толық мүмкіншілік бар.