Бұл шараны Қазақстан салық төлеушілер қоғамдастығы Салық комитеті және ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетімен бірлесе өткізеді.
Мәслихаттың бірінші бөлігі Кедендік одақ тақырыбына арналмақ. Мұнда өзара саудадағы салықтық әкімшілік етудің маңызды сұрақтары, болашаққа деген перспективалары қаралады. Ал екінші бөлігінде Қазақстандағы камералық бақылау және салықтық тексерістер мен оларды шешу жолдары талқыға түседі.
Конференцияға еліміздегі мүдделі ведомство өкілдері және шетелдік мемлекеттерден консалтингтік компаниялар мен салық төлеушілер қатысады.