Оның видеосы 2леуметтік желіде тарады.
Алматы қаласы Полиция департаменті аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-НІҢ 293 бабы 3-тармағы бойынша қозғалып, Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеліп жатқандығын мәлімдеді.
«Аталған қылмысқа қатысты 1991 және 1992 жылы туған екі күдікті ұсталды. Алдын ала белгілі болғандай, 26 жасар қала тұрғыны мен қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал болып, нәтижесінде зардап шеккен азамат пышақ жарақатын алған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін жолаушы мен автобус жүргізушісі арасында төбелес болғаны туралы жазған едік.