«Алматыда қоғамдық көліктерде үшінші апта маска режимінің сақталуы тексеріліп жатыр. Мониторинг топтары бақылауды күшейтті. Сонымен қатар, ықтимал жұқтыру орындарының арасында СОСО мен базарлар да бар», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
12 және 13 тамыз күні мониторинг тобы 163 автобусты тексерді. Қаланың қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамағаны үшін 41 жолаушыға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске салайық, Алматы «қызыл» аймақта. 15 тамыз күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын 1 503 адам жұқтырды. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 419, симптомсыз – 84 науқас тіркелді.