АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әзірге қоғамдық көлікте жол ақысы көтерілмейді. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әзірге бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз, өйткені қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы бар. Сондықтан басқарма жол ақысын көтеру туралы сөз қозғаған жоқ. Әрине, бюджетке ауыртпалық түсіргіміз келмейді, тарифті көтеру керек, бірақ азаматтар мен жолаушылардың әлеуметтік жағдайын да естен шығармау қажет. Бұл - бір күнде шешілетін мәселе емес», - деді Ерлан Әділов.
Бұған дейін ол Алматыда қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың нақты орташа құнын атаған болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.