«Алматыда коменданттық сағат пен төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты қоғамдық көлік (автобус,троллейбус, метрополитен) 19 қаңтардан бастап таңғы сағат 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін, метрополитен 00:00-ге дейін жұмыс істейтін болады»,- делінген басқарма таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 19 қаңтарда жарым түннен кейін Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады.
Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.