Алматыда қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымына зерттеу жұмыстары жүргізілмек

АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ -2011 жылдың қыркүйек және қазан айларында Алматы қаласы әкімшілігінің тапсырысымен "Көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты" қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымын зерттеу жұмысын жүргізбек.

Зерттеу нәтижелері болашақта жолаушылар көлігінің жұмысын оңтайландыруға бағытталған. Зерттеу мерзімі арасында қала тұрғындары осы институтқа хабарласып, пікірлерін, ұсыныстарын және өтініштерін білдіре алады.