«Шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа қысқарды. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00 ден кешкі сағат 22:00 дейін жүреді. Мұндай шешім арнайы комиссия мен қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданды»,– дейді Ерлан Әділов.
Сонымен қатар, ол қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылатынын айтты.
«Бұл күндері қоғамдық көліктер мен автобус парктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі»,– деді ол.