АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыты ұзартылды. Бұл туралы «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласында 17 қаңтардан бастап қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыты бір сағатқа ұзартылды. Яғни, көліктер енді таңғы 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жүреді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 12 қаңтардан бастап қаланың барлық қоғамдық көліктері, оның ішінде қала маңы маршруттары да жұмысын бастаған болатын.
Сондай-ақ, Алматыда қала маңына баратын қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты созылған.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.