АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының қоғамдық орындарында SOS дабыл батырмалары орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
«Алматыда адамдар жиналатын орындарда SOS батырмалары орнатылатын болады. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу жарияланатын болады.
Бұл батырмалар арқылы кез келген адам қандай да бір келеңсіз оқиғалар туралы хабарлай алатын болады. Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже береді», - деді Қанат Таймерденов.
Спикердің сөзінше, бірінші кезеңде 30 батырма іске қосылатын болады.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.