Алматы ҚДСД басшысының дерегі бойынша, жеті улану жағдайы «Терраса», «Узбечка», Ценсазия» дәмханаларында, «Лағманхана №1» асханасында «Алматы ролл» жеткізу орталығында, буфетте және Dostyk Plaza сауда орталығындағы «Hardee's» жылдам тамақтану фаст-фуд желілерінде болған.
«Тексеру нәтижелері бойынша, аталған нысандарда тамақты әзірлеу технологиясы сақталмағаны анықталды. Олар азық-түлікті дұрыс сақтамаған және қайдан сатып алынғаны белгісіз», - деді Айзат Молдағасымова.
Соған қарамастан ведомство басшысы азық-түліктік токсикоинфекцияның 26%-ға төмендегенін атап өтті. Былтыр 68 жағдай тіркелсе, биыл 53 болған.
Алматы ҚДСД-ға 303 шағым түссе, соның 63-і азық-түлік сапасына байланысты болған.
«Оның ішінде 18 шағым тамақты сапасыз дайындауға байланысты түскен. 4 жағдайда шыбын-шіркейлер және белгісіз заттар табылған. Олардың ішінде «Оптовый клуб» ЖШС гипермаркеті, «Лағманхана №1» асханасы, «ПерекуСити Микс», «Mysato» дәмханалары бар», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 2 млн 669 мың теңге сомасына айыппұл салынып, 65 ұйғарым берілген. 6 материал әкімшілік және экономикалық сотқа берілді. Жалпы, 2018 жылы Алматыда 3582 нысан тексерілген.
19:10, 26 Желтоқсан 2018
Алматыда қоғамдық тамақтанудың жеті нысанында адамдар уланған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар жеті қоғамдық тамақтану нысанында, соның ішінде Hardee's фаст-фуд желісінде уланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің (ҚДСД) басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.