«Бүгін бізге Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жансыз жатқан әрі әлсіреп құлаған көгершіндерге қатысты фото мен видео материалдар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, көгершіндерді тексеру үшін лабороториялық зерттеу жүргізгелі жатыр», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook -тегі парақшасында.
Комитет өкілі құстардың қырылу себебі зерттеуден кейін ғана жарияланатынын мәлім етті.
Айта кетсек әлеуметтік желіге тараған өлі құстарға қатысты әртүрлі болжам айтылып жатыр. Кейбір қолданушы көгершіндердің өлімін қалада жүргізілген дезинфекциялық жұмыстармен байланыстыруда.