Алматыда көк базар мен сауда орталықтарында «Ashyq» жүйесі қолданыла бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сауда және ойын-сауық орталықтары мен көк базар «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап Алматыда көк базар, «Mega Center Plus» СОО, «Есентай» СОО, «Dostyk Plaza «СОО және «Адем» сауда үйі Ashyg жобасы бойынша тестіден өтіп жатыр. Аталған нысандардың барлығының кіреберістерінде QR кодтар орнатылған. Атап айтқанда, көк базарға кіретін жерлер саны 14-ке дейін қысқартылды, келушілер ағынын шектеу үшін QR кодтары бар тақтайшалар мен тосқауыл ленталары орнатылды. Қызыл немесе сары мәртебесі бар тұрғындар анықталған жағдайда, оларға кіруге тыйым салынады», - деді С.Байғабылов.

Сондай-ақ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин балалардың сауда нысандарына кіргізбей қоюы мүмкін бе, олар «Ashyq» қосымшасын пайдаланбайды ғой, деген сауал қойылған болатын.

Бұл ретте Ж.Бекшин «біз балаларды қалай жібермейміз? Ондай жоқ. Қазір көк базар Ashyq жүйесі қолданылатын нысандардың бірі ретінде қарастырылуда. Балалар базарларға баруына шек қойылмайды», - деді.