Алматыда «Көк тудың желбірегені - Елбасының ерен еңбегі» деп аталатын көрме ашылады
15:49, 01 Желтоқсан 2012
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары ҚР Тұңғыш Президент күнін Республика сарайындағы «Көк тудың желбірегені - Елбасының ерен еңбегі» көрме ашылады.
Оны мәдениет басқармасы биыл алғаш рет атап өтілгелі жатқан мерекеге орай ұйымдастырып отыр.
Көрме КСРО күйрегеннен кейін жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтеріп, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білген Тұңғыш Президентімізге арналған. Онда Алматы қаласы тарихының музейі қорынан алынған бірегей фотосуреттер қойылмақ. Көрмеде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы, нығаюы мен даму жолы жан-жақты көрініс табады. Сонымен қатар, бұл көрмеге осы тақырыпта жарық көрген кітаптар топтамасы да қойылмақ.