Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аталған қиылыста люктен су толассыз ағып, таңға жуық көктайғаққа айналған.
Таңнан бері бұл жерде 4 жол апаты тіркелді.
Тойота Марк ІІ Тәтібеков көшесімен шығысқа бағыт алып бара жатып, көлікті тоқтата алмай сырғанап барып, қарама-қарсы келе жатқан № 54 жолаушылар автобусына соғылған.
Соққыдан көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Ал автобустың 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.