«Алматыда 9 ақпан күні таңертеңгі сағат 08:30-да қар жауа бастады. Ал, 10 ақпан күні таңертеңгі сағат 07:00-ге қарай, тау етегінде қардың қалыңдығы 25 сантиметр, ал қалада 15 сантиметрге жетті.
Коммуналдық қызметтер тарапынан екі рет жол тазалау және құм аралас хлор қоспасын себу жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.
Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Саин көшесі, Фурманов көшесі, Абай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Желтоқсан даңғылы, және Наурызбай көшесі бойынша көктайғаққа қарсы ылғалдандырғышы бар реагенттер себудің жаңа технологиясы қолданылды.
Барлығы 7056 тонна құм аралас хлор қоспасы мен 244 тонна техникалық тұз пайдаланылды.
Бүгін таңертең сағат 09:00-ден бастап, қала сыртына жаппай түрде қар шығару жұмысы ұйымдастырылады.
Қар тазалау жұмыстарына 668 арнайы техника жұмылдырылды. Олардың ішінде құм сепкіш техниканың саны - 112, ал тротуар тазалушы техниканың саны - 75. Сондай-ақ, қар тазалау жұмыстарына 910 жұмысшы қатысты.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша қар бүгін күні бойы жауады.
Сондай-ақ, бүгін таңғы сағат 09:00-ден бастап, аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен заңды тұлғалар өз аумағын және автотұрақтарын қардан тазарту жұмысына кіріседі.