Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, су қоймалары, арық науалары, контейнерлік алаңдар өнделеді.
«Дератизациялық өңдеуге мамандандырылған дәрігерлер мен арнайы техника жұмылдырылады. Жеке сектордың тұрғындары арнайы улы химикаттарды тегін алатын болады. Кеміргіштерді жою жөніндегі компанияға кәсіпкерлік нысандар да қатысады»,– деп хабарлайды әкімдік.
Бұдан басқа, төтенше жағдай мен карантинді ескере отырып, алдын ала өңдеумен шамамен 3,5 мың сауда орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары, 500-ден астам білім беру объектілері мен денсаулық сақтау мекемелері, оның ішінде ауруханалар, емханалар, мектептер мен балабақшалар, метро, вокзалдар мен стадиондар қамтылады.
Алматыда жыл сайын 2 кезеңмен өткізілетін дератизация кеміргіштер санын азайту, сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет.
Аудандарда дератизациялық жұмыстарды жүргізу кестесі:
Наурызбай ауданы 24.04.2020 бастап 28.04.20 дейін
Бостандық ауданы 29.04.2020 бастап 03.05.2020 дейін
Медеу ауданы 04.05.2020 бастап 10.05.2020 дейін
Алатау ауданы 11.05.2020 бастап 18.05.2020 дейін
Ауезов ауданы 19.05.2020 бастап 20.05.2020 дейін
Алмалы ауданы 21.05.2020 бастап 22.05.2020 дейін
Жетісу ауданы 23.05.2020 бастап 26.05.2020 дейін
Түрксіб ауданы 27.05.2020 бастап 31.05.2020 дейін
Келесі кезең күзге жоспарланған.