Құзырлы органның мәліметінше, өрт жайлы хабарлама кеше кешкі 20.30-да кезекші пультіне келіп түскен.
«Алдын-ала болжам бойынша өрт кұрғақ шөптің тұтануы салдарынан болған. Жалын 50 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнында №12 өрт сөндіру бригадасының жеке құрамы жұмыс істеуде», - делінген хабарламада. Төтенше жағдайдан жапа шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.