Жол апаты әл-Фараби көшесінің бойында болған.
Батысқа бағыт алып бара жатқан Hyundai Accent жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Автокөлік айналып барып тротуардан асып түскен. Машина сондай-ақ көшеге жарық беретін шамның бағанын істен шығарған.
Жүргізуші жігітті қираған көліктен алып шығу үшін ТЖД қызметкерлері атсалысты. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті. Оның қолында ашық сынық жарақаты бар.