Жол оқиғасы Сүйінбай көшесінде болған.
Аталған көшемен солтүстікке бет алып келе жатқан BMW жүргізушісі кенеттен рөлге ие бола алмай қалған. Соның кесірінен көлік айналып келіп жол шетіндегі ағаштарды, жол белгілерін соғып барып тоқтаған.
Соққыдан артқы орындықта отырған жолаушы жапа шекті. Қалған екі адам ауруханаға жатудан бас тартты.