Алматыда көлік бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ қолға түсті

None
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматылық тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың мамыр айының орта тұсында жас отбасының өкілдерін қорқытып, қымбат көліктерін мініп кеткен 4 адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, топ мүшелері отбасының қымбат көлігін тартып алғандарымен қоймай, оларды ұрлап әкетіп, жалға алынған пәтерде қамап ұстап отырған. Қарақшылар отбасы мүшелерінен

5 мың АҚШ долларын бопсаламақ болған. Ал сәуір айының соңында жәбірленішулер қарақшыларға 2 мың АҚШ долларын беріп, өздерінің көліктерін қайтарып алған. «Осыған байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында маусымның 6-сы күні «БМВ» көлігі табылып, оның ішінде Алматы облысының Түрген ауылының екі тұрғыны отырған. Бұдан арғы шаралар барысында полицейлер қарақшылық топтың өзге де мүшелерін ұстады. Оларға қазір Алматы қаласының маңында қымбат көліктерді тартып алу сияқты өзге де бірқатар әрекеттерге қатысты деген күдік келтіріліп отыр», деді департамент бастығы.