Алматыда көлік қаққан ер адам ауруханада көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Субару» маркілі көлігі ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Рысқұлов көшесінің бойында болған.

Алған жарақатынан 55 жастағы ер адам ауруханаға жеткен соң көз жұмды.

«Субару» жүргізушісінің айтуынша, ер адам Рысқұлов көшесін тыйым салынған жерінен кесіп өтпек болған.

Кенеттен шыққан адамды байқамай қалған жүргізуші тежегішті басып үлгермей қалған. Соның салдарынан көлік адамды қағып барып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.