АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты қалада көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 30 қыркүйек - 1 қазан аралығы, сағат кешкі 18.00-ден таңғы 07.00-дейін, яғни, түнгі уақытта Центральная көшесінің Үлкен Алматы арнасы бойы (ул. Вдоль БАКа) көшесінен Центральная көшесі, 82 (Қазмұнайгаз жанармай бекеті) дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектеледі»,- делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы Қалалық мобильділік басқармасы тұрғындардан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуларын сұрайды.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.