Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Медеу ауданы Горная көшесінде «Беладжио» мейрамханасы маңында көлік жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 18:17-те түскен.
5 минутта жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 18:45-те сөндіріп үлгерді.
Жалын «Пежо 307» көлігінің 3 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген.
Тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ.