Алматыда көлік салығын «Сергек» камерасы арқылы анықтап жатыр
Шара барысында олар «Сергектің» көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бірлескен іс-шараны өткізу барысында «Сергек» камерасымен «Chevrolet Tahoe» маркалы автокөлік тіркелді, оның қарызының сомасы 1,1 млн тенге.
«Аталған көлік ұсталып, айыппұл тұрағына жеткізілді. Рейд жыл соңына дейін жалғасатын болады»,-деп атап өтті полициядан.
Жалпы Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы - 4,2 млрд теңге.
Өз кезегінде сот орындаушылары банктік шоттарға тыйым салу, мүлікті иеліктен шығару, сондай-ақ елден тыс жерлерге көшу құқығын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Бұдан басқа, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақылар, сондай-ақ білім беру депозиттерін алу үшін қажетті шоттардан басқа шоттар аша алмайды.
Сондай-ақ жеке тұлғаларға меншік салықтары бойынша өздерінің салық міндеттемелерін өтемеген жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде өсімпұл есептеледі.
Жеке тұлғаларға көлік салығын төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, яғни 2020 жыл үшін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі тиіс.
Салықтарды E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы арқылы, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.