Бұл туралы қалалық салық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір осындай 717 көлік иесінің ісі қаралып, оларға 278 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Аталған сот шешімі бойынша сот орындаушылары төленбеген салықты борышкерлердің жалақысынан, болмаса мүлігін тәркілеу арқылы өндіреді. Сондай-ақ осы салықты төлемеген жеке тұлғалардың шетелге шығуына тыйым салынады», - деді салық департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.